26.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: КӨКСАЙДАҒЫ 22 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған еді. Реновация бағдарламасы аясында апатты және тозығы жеткен көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру сәтті жүзеге асуда.
Бүгін аталған шағынауданның МПС көшесіндегі №9 үйде тұратын тұрғындарға жаңа пәтердің кілттері табыс етілді. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, сегіз отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Тұрғындары жаңа қоныстарымен құттықтаған шаһар басшысы реновация бағдарламасы азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге, қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға, сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Айта кетсек, бағдарлама шартына сәйкес, тозығы жеткен тұрғын үйлердің иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері тең пәтерлер алады. Тұрғын үйлер дайын күйінде беріледі. Аталған тұжырымдаманы іске асыру басталғалы бері Көксай шағынаудандағы 22 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

Телеарна ХанТВ

Карты «Ата жолы»: этнические казахи со всего мира используют возможность интеграции с исторической родиной

Телеарна ХанТВ

ҚАУІПТІ МАНЕВР ЖАСАҒАН «АLPHARD» ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ  ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ