18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Оралда полицейлер әйел адамның өмірін сақтап қалды Кешкі уақытта 102 пультіне әйел адамнан хабарлама келіп түсті. Ол өз өмірін қиюға ниетті екенін жеткізген. Оқиға орнына дереу Ермұхан Құбаш пен Бейбіт Айтмұханбетов құрамындағы патрульдік полиция экипажы жіберілді.

Белгіленген мекенжайға келген полицейлер пәтердің есігі ішінен құлыптаулы екенін анықтады. Уақытты жоғалтпай, олар есікті ашу үшін бар күшін салды. Ішке кірген кезде, патрульдік қызметкерлер жуыну бөлмесінде тұрмыстық техниканың сымын пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді көреді. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді. Абырой болғанда, әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол медицина мамандарына тапсырылды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Көктем–2025» РКШОЖ: Шымкент қаласында практикалық шаралар өткізілді

Телеарна ХанТВ

Су тасқыны: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және СҚО әкімдері Президентке есеп берді

Телеарна ХанТВ

«АБАЙ» ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ