23.3 C
Shymkent
29 августа, 2026
aspan

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЗЕРБАЙЖАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Берік Уәли Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әлім Байелмен кездесті. Кездесуге Әзербайжан-Қазақстан Іскерлік кеңесінің төраға орынбасары, Түркі кәсіпкерлер қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы Аслан Кунияров, Әзербайжан инвестиция холдингінің, Әзербайжан бизнесті дамыту қорының өкілдері қатысты.

Делегация Алакөл жағалауында халықаралық деңгейдегі емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысын салу жөнінде ұсыныс айтып, инвестициялық жобаны таныстырды. Инвесторлар Алакөлде жыл бойы жұмыс істейтін, бір мезетте 800 адамға дейін қабылдай алатын туристік нысан салуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі – 20 миллион АҚШ доллары. Кешен іске қосылған кезде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, бұл жоба өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, жергілікті бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайтып, медицина мен демалысты тоғыстырған жаңа кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аймақ басшысы туристік жобаның өңір үшін маңызды екенін атап өтті.
«Қазақ пен әзербайжан – тарихы бір, тамыры ортақ туысқан ел. Бізді біріктіретін, бауырластыратын ортақ дүниелер көп. Біздің облысымызға осындай тамаша ұсыныспен келгендеріңізге, ауқымды туристік кешенді біздің аймақта салуға ниет білдіргендеріңізге қуаныштымыз. Қазіргі таңда Алакөл туристік аймағының бас жоспары әзірленіп жатыр. Сол жерден орын бөлуге дайынбыз. Әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілетін болады» деді облыс әкімі.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КИЕЛІ ШАҺАРДЫҢ  ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ, ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

«Байдың тойында шулаған елді өзіне ұйытып әкетті»: танымал асаба Тамара Асар жайлы естелікпен бөлісті

admin

🔶SMART DARYN ұлттық цифрлық платформасы құрылуда

Телеарна ХанТВ