15.3 C
Shymkent
1 октября, 2026
Ақпарат Бизнес Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Шымкент

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫНА ҚОСЫМША АВТОБУСТАР ҚОСЫЛДЫ

Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!

Қыркүйек айында қала әкімінің тұрғындармен өткізген көшпелі кездесулері барысында айтылған тұрғындардың қоғамдық көлікке деген сұранысы ескеріле отырып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында биылғы 1 қазаннан бастап бірқатар автобус бағытының сызбасы ұзарып, кесте сандары көбейтілді.

Атап айтқанда:
— №5 автобус бағытына қосымша 1 кесте қосылды;

— №9 бағыттағы автобустың қозғалыс жолы Бозарық шағынауданында жаңадан пайдалануға берілген көп қабатты үйлерге дейін ұзартылды;

— №12 автобус бағытының жолы «Coca-Cola» өндірістік базасына дейін ұзартылды;

— №18 бағыттағы автобустың бағыты «Цитадель» аялдамасы арқылы ұйымдастырылды;

— №21 бағыттағы автобус Құрсай шағынауданындағы Жаңақұрылыс көшесіне дейін қатынайды;

— №25 автобус бағытына қосымша 1 кесте қосылды;

— №42 бағыттағы автобустың жолы Қайтпас шағынауданынан Тұран шағынауданында орналасқан «Жас Отау» тұрғын үйлеріне дейін ұзартылып, қосымша 1 кесте қосылды;

— №51 автобустың қозғалыс сызбасы «Алаш» базарынан Шардара көшесіне дейін ұзартылып, қосымша 1 кесте қосылды;

— №54 автобустың қозғалыс сызбасы №72 мектеп арқылы ұйымдастырылды;

— №66 бағыттағы автобустың жолы Ынтымақ шағынауданындағы Жоласар көшесі арқылы ұйымдастырылды;

— №70 автобус бағытына демалыс күндеріне қосымша 2 кесте қосылды;

— №171 автобус бағытына қосымша 1 кесте қосылды;

— №206 бағыттағы автобус сызбасына қосымша 2 кесте қосылды.
Қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы тиісті жұмыс жалғасады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Билікті басып алуға ықпал етті деген айыппен сотқа жеті қазақстандық келді

admin

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

Максим Сейтенов