0.3 C
Shymkent
5 марта, 2026
aspan

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ГРУЗИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Леван Диасамидзе жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейманды Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қарсы алып, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында облыс әкімі өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетіне кеңінен тоқталды.2018 жылы құрылған Түркістан облысы – түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы. Облыс орталығы – Түркістан қаласында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Қалаға ерекше мәртебе берілуі туризм саласына инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың айтуынша Түркістан республикада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша көш бастап келеді. Сонымен қатар өңір еліміз бойынша ірі қара мал етінің 80%-ын және ұсақ мал етінің 75%-ын экспорттай отырып, ет өнеркәсібінде жетекші орынға ие. Бүгінде облыста 21 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Сондай-ақ аумағы 4000 гектарды құрайтын «Turan» арнайы экономикалық аймағында инвесторларға салықтық жеңілдіктер қарастырылып, жобаларды тиімді іске асыруға қолайлы жағдай жасалған. Леван Диасамидзе Түркістанға алғаш рет келгенін, шаһардың сәулеті мен тарихи ескерткіштерінен өте жақсы әсер алғанын жеткізді. Грузия мен Қазақстан – өте жақын әрі бауырлас мемлекеттер. Мәдени, экономикалық байланыстарды нығайтуға мүдделіміз. Ұсыныстар болса, қарастырамыз. Осы бағытта көмектесуге дайынмын. Біздің елімізге Қазақстаннан туристер көп келеді. Бұл салада да әлеуетті көтеруге болады, – деді елші. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы 184,5 млн АҚШ долларын құрады. Ал Түркістан облысы мен Грузия арасындағы тауар айналымы 0,5 млн АҚШ долларына жетті.Бүгінде Қазақстанда грузин капиталының қатысуымен 250-ге жуық компания табысты жұмыс істеуде.Қазақстан Грузияға негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін, металлургия және өнеркәсіп өнімдерін экспорттайды. Өз кезегінде Грузиядан сусындар дәрі-дәрмек және басқа да тауарлар импортталады.Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жолдарын қарастыруға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге уағдаласты.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДЫ ЛАСТАҒАН 4 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҮШ АЙДА РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША 69 ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесі жақсаруда

Телеарна ХанТВ