Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы ауысты.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Президенттің тағы бір Жарлығымен Марат Ғатауллаұлы Ірменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.
