18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ТОП ҰСТАЛДЫ

Алматы облысы Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz. 22 ақпанда Ұзынағаш ауылының тұрғыны полицияға шаруа қожалығының қорасынан бес жылқының ұрланғаны туралы арызданды.

Беймәлім адамдар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. – Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 және 34 жастағы екі күдіктіні ұстап, қамауға алды. Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды, – деп мәлімдеді полиция өкілдері. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

МИНИСТР: БИОЛОГИЯ, ИНФОРМАТИКА, АҒЫЛШЫН, ҚАЗАҚ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ ӘЛСІЗ

Телеарна ХанТВ

АТА-АНАЛАР ҰЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ