Жаңалықтар Қоғам Шымкент

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ: ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ПЕН ЖӨН-ЖОРАЛҒЫСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Бүгін 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, «Наурыз» алаңында «Шуақ шашқан әз-Наурыз» іс-шарасы ұйымдастырылды.
? Мерекелік кешке қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қазыналы қариялар, ақ жаулықты аналар, дәстүр жанашырлары, 6506 әскери бөлімінің сарбаздары және қала тұрғындары қатысты. Көрермендерге арнап Шымкент қалалық Мәдениет үйі, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен өзге де мәдениет мекемелерінің өнерпаздары өнер көрсетті.
? Іс-шараның мақсаты – халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, наным-сенімі мен ұлттық ұстанымын насихаттау.
? Салтанатты жиында «Тілеу көже», «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Жақсының орнына аунату», «Тұсаукесер», «Ашамайға мінгізу», «Қызды оң босағаға отырғызу», «Бұрымын өру», «Қыз ұзату» және «Беташар» ғұрыптарынан музыкалық-театрландырылған көріністер қойылды.
? Мерекелік кеш соңында алаңға жиналған қауым Тілеу көжеден дәм татып, ғұрып-салттарымыздың шығу тарихы мен мән-мазмұны айшықталған іс-шарадан рухани сусындап қайтты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
и ещё 19
Все реакции:

7

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жылынып, жаңбыр жауады: Астанада және 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

admin

Қазақстанда энергетиктерді балалар мен жастарға сатуға тыйым салынады

admin

АҚШ пен Еуропа елдері Мәскеуде алдағы 48 сағатта лаңкестік әрекеттер қаупі бар екенін ескертті

admin