15.3 C
Shymkent
1 октября, 2026
Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Шымкент

ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСЫНДА ҰСТАЗ ТҰРАР МӘҢГІЛІК

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күніне орай ұстаздар қауымына құрмет көрсетілді.

Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның азаматтық болмысын қалыптастыратын, елдің ертеңіне жол сілтейтін айрықша тұлға. Осы орайда академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде жоғары білім саласының қызметкерлеріне арналған мерекелік концерттік жиын өтті.

Салтанатты шараға Шымкент қалалық мәслихатының депутаты А. Елшиева, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ж. Жұман, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Е. Әбіл, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушы жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында жоғары білім мен ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып, жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруде қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздардың еңбегі ерекше аталып өтті.

Ұстаздық жолды абыроймен атқарып, кәсіби біліктілігі мен нәтижелі еңбегін білім сапасын арттыруға бағыттап жүрген бірқатар профессор-оқытушылар қауымының өкілдеріне арнайы марапаттар табысталды. Атап айтқанда, үздік мамандар Құрмет грамоталарымен, облыстық және қалалық әкімдіктердің Алғыс хаттарымен, сондай-ақ университет ректорының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапаттау рәсімі – ұстаз еңбегіне көрсетілген құрметтің ғана емес, білім мен ғылымды дамытуға қосылған үлестің лайықты бағасы болды. Салтанатты жиында сөз алғандар білім саласының қоғам дамуындағы айрықша рөліне тоқталып, профессор-оқытушылар құрамына кәсіби қызметтеріне табыс, шығармашылық ізденіс және шәкірттерінің биік жетістіктерін тіледі.

Мерекелік кештің мазмұнын университет өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама толықтырды. Әсем ән, әсерлі қойылымдар мен көркем шығармалар ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік шараның мазмұнын аша түсті.

Жоғары білім қызметкерлері күні – елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға, білікті мамандар даярлауға және ғылымның дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін ұлықтайтын маңызды мереке.

Ұстаздың еңбегі – ұрпақ санасына себілген білім дәні. Оның жемісі шәкірт жетістігімен, ел дамуына қосылған үлеспен өлшенеді. Сондықтан ұстазға көрсетілген құрмет – білімге, ғылымға және болашаққа көрсетілген құрмет.

Ұстаз бар жерде – ұлағат бар. Білім бар жерде – болашақ бар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Министр адам төзгісіз жүктемені бастан кешіріп жатқан дәрігерлердің есімдерін атады

admin

Ақтөбеде зейнеткерлер мен үшінші топтағы мүгедектер үшін тегін жол жүру жолы ашылады

admin

Кеше Алматыда митинг болды

admin