aspan

ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫ КОМПАНИЯ  ТОҢАЗЫТҚЫШ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШТЫ

Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Шағын өнеркәсіптік парк аумағында «UBC» халықаралық компаниясының тоңазытқыш шығаратын «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» зауыты іске қосылды. Зауыттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зауыттар мен бөлімшелердің басшылары, шет мемлекеттердің және еліміздің  серіктес компанияларының жетекшілері қатысты.
Салтанатты іс-шарада Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, зауыттың жұмысына сәттілік тіледі. Мұндай заманауи өндіріс орнын ашу – Түркістан облысы үшін тек маңызды экономикалық қадам ғана емес, сонымен қатар өңірдің инновациялар және заманауи технологияларға дайын екендігінің көрсеткіші. Кәсіпорын жаңа жұмыс орындарын құруға, өңірімізге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік бермек. Бұл бастама – шет елдермен ынтымақтастықтың жарқын көрінісі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Телеарна ХанТВ

«ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН 70 ЖЫЛ»

Телеарна ХанТВ