aspan

ИЗРАИЛЬДІҢ ШАБУЫЛДАРЫНАН 2 АПТАДА 322 БАЛА ҚАЗА ТАПТЫ

Газа секторында Израильдің шабуылдарынан соңғы екі аптада 322 бала қаза тапқан. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры — ЮНИСЕФ хабарлады. Дерекке сай, осы уақыт ішінде 609 бала жараланған. Жалпы, 18 айда шабуылдардан Газада 15 мыңнан аса бала мерт болды.

34 мыңнан астамы жараланып, миллионға жуығы үйін тастап кеткен. Израиль Газаға наурыздың 18-де қайта соққы беруге кірісті. Израильдің мәлімдеуінше, бұған «ХАМАС» қозғалысының ымыраны жалғастыруға келіспеуі және кепілдіктегі 59 адамды босатпауы себеп. Алайда хамастықтар тағылған кінәні жоққа шығарып отыр. Бүгін түскен мәліметтерге қарағанда, Израиль Газа секторындағы операция аумағын ұлғайта бастаған. Әскерилер Рафах және Хан-Юнис қалаларында тұратын палестиналықтарға көшу қажеттігін ескертті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді

Телеарна ХанТВ

«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ

Телеарна ХанТВ

ЖИ МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРУ БОЛАШАҚТЫҢ ТАЛАБЫ

Редактор HAN TV