25.4 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

ЕСКІ КӨЛІКТЕРГЕ САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕРІЛУІ ЕКІТАЛАЙ

Ескі автокөліктерге салықтық жеңілдіктер берілмеуі мүмкін. Қоғамдық палата өкілдері жолда жүргеніне 10-20 жыл болған темір тұлпарлардан келер зиян көп санайды.

Қоғамдық палата өкілдерінің айтуынша, ауаны ластап, экологиялық ахуалды нашарлатады. Сол себепті меншік иесі көлік салығын 100 пайыз төлеуі тиіс дейді.  Ал шенеуніктер жаңа салық кодексі аясында енгізілгелі отырған жеңілдіктер сақталады деп отыр.“Салық ставкасы сараланса, ескі көліктер саны көбейеді деу – бос әңгіме. Өйткені, бұл жүйе бұған дейін де қолданылған. Бірақ дәл осы ескі машиналар мәселесін шешу үшін қолданыстағы ортақ мөлшерлемеге ауыстырылған. Алайда, ол да нәтиже бермеді”, – дейді шенеуніктер. Өйткені отандық автопарктің 67%-ын әлі де ескі көліктер құрап отыр.“Ескі көліктердің басым бөлігі өңірлерде, ауылдық ерлерде жүр. Біздіңше, 20 жыл бұрын алынған, қозғалтқыш көлемі 4,6 литрлік ескі джип үшін ауыл тұрғынына 600-700 мың теңге салық салуға болмайды. Олардың қомақты соманы төлеуге мүмкіндігі де жоқ. Бұл да әлеуметтік проблема”, – дейді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.Ол көлігі ескі болғаны үшін халықты жазалау дұрыс емес деп санайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ»: БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ ҚОСА БЕРІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

Президент посетил фестиваль «Город рабочих профессий»

Телеарна ХанТВ

‼️ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА‼️

Телеарна ХанТВ