18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ЕСІРТКІ  ҮШІН СОТТАЛҒАН АЗАМАТТЫҢ АНАСЫ  ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Жамбыл облысының Полиция департаменті қамауда отырған есірткі курьерінің анасымен болған сұхбатты жариялады. Әйел адам ұлының өз қателігінен тапқан қазіргі тағдыры мен жүрегін жайлаған мұң туралы айтты. Еске сала кетейік  бұдан алдын 23 жастағы ер азамат есірткіні жасырын орындарға  қойып кетумен айналысқаны үшін 10 жылға сотталған болатын.

 Баласы оғаш мінез көрсетіп, кейіннен күндіз-түні үйіне келуді қойған. Анасы ұлын  полиция тұтқындаған кезде есірткі заттарын қолданатынын және есірткі тасымалдаушы болып жұмыс істейтінін білген. Сотталушының анасы жасөспірімдердің ата-аналарын балаларының өміріне барынша араласып, заңға қайшы әрекеттер жасауына жол бермеуге, ал жастарға ұлының қателіктерін қайталамауға  шақырады.Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

Жыл_қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді

Телеарна ХанТВ

Алматыда 1 мың шақырымнан астам таулы бағыттар цифрландырылып, 750 шақырымға жуығы абаттандырылды

Телеарна ХанТВ