28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

БАШАР АСАД БИЛІГІНІҢ ҚҰЛАУЫ: САРАПШЫЛАРДЫҢ БҰҒАН ҚАТЫСТЫ БОЛЖАМЫ ҚАНДАЙ?

Сирияда биліктен кеткен Башар Асад пен оның отбасына Мәскеу пана берді. Бұл ақпаратты Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. 24 жыл билік еткен Асад режимінің құлауы Сирияға, жалпы Таяу Шығыс өңіріне қандай өзгеріс әкелуі мүмкін? Әлемнің саяси сарапшыларының бұған қатысты болжамы қандай?

Әлем назары Сирияда. Еуропаның бұқаралық ақпарат құралдары президент Башар Асадтың биліктен кетуін, көтерілісшілердің ел астанасы Дамаскті басып алуын жарыса жазып жатыр. Соңғы мәліметтерге сай, Сирия президенті отбасымен бірге Мәскеуге ұшып барып, сонда тұрақтаған. Бұл туралы Ресейдің баспасөз өкілдері Кремльдегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдеуінше, Сирияда жарқын болашақ құруға оңтайлы сәт туды. Ал Қытай Сыртқы істер министрлігі ел келешегі сириялықтардың қолында деп мәлімдеді. Түркия қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НАУРЫЗ, НАУРЫЗ АЛТЫ АЛАШҚА ҚОШ КЕЛДІҢ!

Телеарна ХанТВ

МАС ЖҮРГІЗУШІНІ ҚУҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» МЕРДІГЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛЫП, ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Телеарна ХанТВ