16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Қала аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалау, ретке келтіру іс-шаралары жалғасуда. Экобелсенділер бұл жолы Бадам өзені бойына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қаланың солтүстік-батыс аумағын қамтитын Бадам өзені шаһар тұрғындарының бір сәт демалуына және мегаполис маңындағы елді мекендерде егін сондай-ақ  бау-бақшаларды сумен қамтамасыз ететін бірден-бір өзен. Жастар күніне орай ұйымдастырылған акцияға 30-ға жуық ерікті қатысып, тазалық жұмысын жүргізді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шараның мақсаты – елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы жастарды жұмыспен қамту әрі экологиялық белсенділікті арттыру.  Осы арқылы жастар арасында тазалық мәдениетін кеңінен насихаттау.

Айта кетейік қаланың жастары мен еріктілері экоакцияға белсенді үлес қосып, Шымшаһардың көркеюіне де ат салысып келеді. Шара барысында жастар өзен бойын ретке келтіріп, шашылған қоқыстарды тазалап сонымен қатар абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

1 АЙДА  ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ САНЫ 3,1%-ҒА, ҚЫЛМЫС САНЫ 8,8%-ҒА АЗАЙҒАН

Телеарна ХанТВ

«ART SPORT» БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ АЙНАЛЫМЫНА АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Телеарна ХанТВ

Астанада бір күн бұрын жол жөндеушімен болған оқиғаға полиция әрекет етті.

admin