Азия ойындарында ел намысын қорғаған Түркістан облысының спортшылары күрес пен дзюдодан жүлдеге қол жеткізді.
Әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нилуфар Раимова қола жүлдеге ие болды. Үшінші орын үшін белдесуде отандасымыз Шри-Ланка спортшысын 13:1 есебімен жеңді.
Ал дзюдодан аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасы күміс медальді еншіледі. Ұлттық құрама финалда Жапония командасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңілді.
Аталған сында құрама сапында Түркістан облысының балуаны Айдар Арапов та өнер көрсетті. Ол Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамуров, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Меруерт Сәрсенова, Бақытжан Абдурахманов, Әділет Алмат, Дана Әбдірова, Эсмигүл Куюлова, Ерасыл Қажыбаев және Екатерина Токаревамен бірге ел қоржынына күміс жүлде салды.
Осылайша, Түркістан облысының спортшылары Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы жүлде қоржынына өз үлестерін қосты.
