aspan

АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында күрделі жөндеуден кейін Әл-Фараби ауданының прокуратурасы ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Қойгелдиев Ғалымжан арнайы жұмыс сапарымен келіп қатысты.

Ғалымжан Мәмбетұлы көптен күткен бұл оқиғамен ұжымды құттықтай отырып, прокуратура қызметкерлеріне жасалған жағдайлар азаматтардың игілігіне аянбай еңбек ету үшін арналған мемлекет пен қоғамның сенімінің несиесі екенін атап өтті. Әрбір қызметкер еңбек тәртібін қатаң сақтай отырып, міндеттерді адал және мұқият орындау қажеттілігін анық түсінуі кажет.

Қалада 5-ші ауданның құрылуына байланысты ғимарат прокуратураның есебіне берілді. Ғимаратта 47 қызметтік бөлмелер, мәжіліс залы және жауап алу бөлмелері және т.б. бар. Ғимараттың материалдық-техникалық жабдықтары халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын заманауи талаптар мен стандарттарға толығымен сәйкес келеді. Қала прокуроры Ғабит Мұқанов аудандық прокуратура қызметкерлерін құттықтап, ғимаратта азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАҢА СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Олжас Бектенов Шымкентте өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable іс-шарасына қатысты: жалпы құны $4,8 млрд болатын құжаттарға қол қойылды

Han TV

ЕҢБЕК АДАМЫ-ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Телеарна ХанТВ