aspan

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы өкімге қол қойды.

Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған.

Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Сараптама тобының жұмыс органы саналады.

Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады.

Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамы:

Ерлан Қарин — Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, жетекші

Аида Балаева – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары

Әсет Ерғалиев – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, жетекшінің орынбасары

Жандос Шаймарданов – «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесінің директоры, хатшы

Сараптама тобының мүшелері:

Динара Зәкиева – Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

Саясат Нұрбек – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

Дархан Ахмедиев Дархан – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы

Қарлығаш Жаманқұлова – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

Бөріхан Нұрмұхамедов – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

Айдос Сарым – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

Марат Шибутов – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

Рауан Кенжеханұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті

Бағдат Мусин — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Евгений Мухамеджанов – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ECO Network» жобасының негізін қалаушы

Найла Мұхтарова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Айгүл Сәдуақасова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

Жұлдызай Ысқақова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Ғазиз Әбішев – «Metropolitan information group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Біржан Баткеев – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Ренат Бектұров – «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы

Әнуар Боранбаев – «Зерттеу және консалтинг орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің серіктесі

Эльдар Гумаров – «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Ерлан Досымбеков – «Ernst & Young» Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі басқарушы серіктесі, «Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы

Ерзат Дулат – «Higgsfield AI» негізін қалаушы

Қуаныш Жайықов – «Desht» талдау орталығының басшысы

Гүлмира Илеуова – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының президенті

Олег Мецик – форсайттар бойынша маман, «СИМКОН» үнемді технологиялар өңірлік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Мақсат Мұқанов – «Өзекті саясат институты» қоғамдық қорының вице-президенті

Мадина Нұрғалиева – «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесінің директоры

Аяулым Сағынбаева – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы

Олжас Сәкенов – «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары

Андрей Чеботарев – «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы» жеке меншік мекемесінің директоры

Динара Шүкіжанова – «Агромашхолдинг KZ» акционерлік қоғамының президенті

Айта кетейік, 19 қарашада Мемлекет басшысы Стратегиялық серіктестердің 3-форумына қатысты. Бұл іс-шара жаһандық ғылыми қауымдастықтың көрнекті өкілдерін, әлемге әйгілі ғалымдарды, сондай-ақ білім беру саласындағы білікті мамандар мен сарапшыларды бір алаңға жинады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СЕМЕЙДЕ ТОЗҒАН ҚҰБЫРЛАР АУЫСТЫРЫЛЫП, ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСУДА

Телеарна ХанТВ

100 МЫҢНАН АСА АДАМ ШЕРУГЕ ШЫҚТЫ

Телеарна ХанТВ

«ЭТНА» ЖАНАРТАУЫ ОЯНДЫ