28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

АЛМА-АРАСАН ЫСТЫҚ БҰЛАҚТАРЫ АЙМАҒЫНДА ТАС ҚҰЛАДЫ

Алматы іргесіндегі Проходное шатқалындағы Алма-Арасан ыстық бұлақтары аймағында тас құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.Оқиға кезінде сауықтыру кешенінің аумағында келушілер болған.Демалушылардың бірі оқиғаның салдарын видеоға түсіріп, тас құлаған кезде жуыну орнында  болғанын, бірақ қашып үлгергенін айтты.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, оқиғадан кейін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары аумақты тексеруге шыққан.»Тастың құлауы салдарынан күрке конструкциясы мен киім ауыстыратын бөлменің бір бөлігі зақымданған. Тексеріс барысында радон бұлағы орналасқан 31,8 гектар жер учаскесі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қоры жерлеріне жатпайтыны анықталды».

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ  ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖЕР СІЛКІНДІ

Телеарна ХанТВ

В специальной экономической зоне «Оңтүстік» запускаются 5 проектов

Телеарна ХанТВ