aspan

АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ТҮЙІТКІЛДІ ТҮЙІНДЕР

Қала әкімі абай ауданы тұрғындарымен кездесіп, қордаланған бірқатар мәселелерді тыңдады. Тұрғындар өз кезегінде шешімін таппай отырған түйіткілдерді баяндап, шаһар басшысына шағымданды.

Абай ауданындағы бабата көшесінің тұрғындары ағаш отырғызу мәселесін қозғады. Аумақтағы көгалдандыру жайында сөз сөйлеген жергілікті тұрғын парк салу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, аумақты асфальттау жөнінде шағымын жеткізді. Әкім өз кезегінде аталған мәселе бойынша жұмыс жүргізілгенін, тиісті шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, көпбалалы ана тұрғын үй кезегінің жылжымайтынына шағымданды. 2 ші топтағы мүмкіндігі шектеулі ұлы бар тұрғын 2022 жылдан бері кезекте тұрғанын айтады. Шаһар басшысы тұрғын үй кезегі заңға сәйкес әлеуметтік санатына байланысты кезек жүретінін айтып, сәйкесінше уақытымен тұрғын үйге қол жеткізетінін сөзге тиек етті.

Тұрғындардың уәжін тыңдаған әкім әрбір мәселе бойынша жауаптыларды тағайындап, кез-келген өтініш заңға сәйкес шешімін табатынын жеткізді

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СКЕРИ ҚАҚТЫҒЫС БАСТАЛҒАЛЫ БЕРІ ҚАНША ПАЛЕСТИНАЛЫҚТЫҢ ҚАЗА ТАПҚАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЛАҢКЕСТІК ТОП ШАБУЫЛ ЖАСАП, 100-ДЕН АСА АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Телеарна ХанТВ

Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Телеарна ХанТВ