3.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
Қоғам

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІН САЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Түркістан облысында 264 мәдениет мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті.Онда өңірдің мәдениет саласындағы инфрақұрылымға қажеттілікті анықтау мәселелері талқыланды. Бірінші кезекте ауылдық округ орталықтарына 200 орындық, халық саны 5000-нан жоғары елді мекендерге 200 орындық, 2000-нан көп елді мекендерге 100 орындық мәдениет нысанын салу ұсынылды.

Жиында Облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәдениет үйлеріне байланысты жобалық-сметалық құжаттардың дайындығына жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. Оның айтуынша,  264 мәдениет мекемесінің 204-нің ғимараты бар, 60-ы жекеменшік ғимараттар мен мектеп, әкімдіктерде жұмыс атқаруда. Оның 8-іне ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленген.

Қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан 23 мәдениет мекемесі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бүгінгі таңда 6 клуб мекемесіне жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, талдау жұмыстары кезінде 16 мәдениет мекемесіне жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нысанды толық қалпына келтіріп, оны сақтап қалуға болатыны анықталды. Бір ауданға жасалған талдау нәтижесі көрсеткендей, Сарыағаш ауданында 21 мәдениет мекемесі бар. Аталған мекемелерде өткен жылы 820 мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылған.

Орта есеппен алғанда бір мәдениет мекемесі айына 3-4 іс-шара өткізумен шектелген. Бұл мәдениет мекемелері мен халық санына шаққанда едәуір төмен көрсеткіш.Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бұл барлық аудан, қалаларда тіркеліп жатқан жағдай екені анықталды.Айта кетейік жиын барысында алдағы уақытта көрермен залын түрлі мақсатта пайдалантын, коворкинг орталығы бар, кемінде 16 үйірме жұмыс істеуге мүмкіндігі бар көпсалалы мәдениет кешенін салу жағдайыда талқыланды.

Related posts

Түркістан облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түсті деген күдікпен жігіт ұсталды

admin

Синоптиктер Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

admin

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Өзбекстан мен Тәжікстанның 17 азаматын тас жолда құтқарып қалды.

admin