Қоғам

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛДЫ

Жұбайына жұдырық ала жүгіретіндер жазасыз қалмайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заң жобасы дайын. Статистикалық деректерге жүгінсек, елімізде 2023 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қайтыс болған. Осыған орай, бүгін шаһарда үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.Тақырыпты тілші тарқатады.

Әйеліне қол көтеріп, балаға озбырлық көрсеткендерге қатаң жаза қолданылады. Күні кеше мәжіліс екінші оқылымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңды қабылдады. Жобаға сәйкес, енді полиция органына барып, арыз жазудың қажеті жоқ.Себебі, әлеуметтік желіде тараған бейнежазба да қылмыстық істің дәлелі болады. Ал, кәмелет жасына толмаған балаларды зорлағандар, өлтіргендер өмір бойы түрмеге тоғытылады.

Сонымен қатар тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары отбасын қолдау орталықтарында уақытша тұрақтай алады. Сотталған немесе татуласуына байланысты қылмыстық жауаптан босатылған адамдарға сот белгілеген арнайы талаптарды қолдану шаралары да нақтыланды. Аймақтардағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қызметін реттеуге қатысты да өзгерістер енгізілді.

Жалпы, қала аумағында қылмыс 33 пайызға төмендеген.Ал азаптау фактілері бойынша полицияға 17 арыз түсіп, тек 2 шағым бойынша қылмыстық іс тіркелген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматының орталығында бағдаршамда тұрған мопедист көлікке соқтығысты

admin

НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНҒА 20 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ КЕЛЕДІ

admin

Есілдегі көлік жуу орнында полицей мен азаматтық азамат көліктен өлі күйінде табылды

admin