aspan

ТҮРКІСТАНДА «ТОМИРИС: АМАНАТ» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Dialogue of Cultures: Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті студенттік театрының «Томирис: Аманат» тарихи-психологиялық драмасының премьерасы өтті.

Премьераға Қазақстан Республикасының Конститутциялық сотының төрағасы Эльвира Азимова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова қатысты.
Туындыда сақ патшайымы Томиристің тағдыры арқылы ел бірлігі, азаттық, еркіндік және билік жауапкершілігі сынды маңызды құндылықтар көркем бейнеленді. Қойылымның режиссері – Қазақстанның мәдениет саласының үздігі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы Мақсат Айтжанов. Пьеса авторы – университет түлегі, жас актер Темірлан Ержанұлы. Актерлік құрам негізінен Өнер, медиа және дизайн факультетінің «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасының білім алушыларынан жасақталған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕҢБЕК АДАМЫ-ЕЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ