aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Түркістан

ЖОЛДАУ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық жұмыс тобы Түркістан қалалық Мәдениет үйінде қала тұрғындарымен, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Делегация құрамында ҚР Құрылтайының депутаты Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Абдулла Исматуллаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев бар.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысты. Басқосуда экономиканы жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу, сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Жиын барысында жұмысшы топ өкілдері тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Жұмысшы топтың келесі кездесуі облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында жалғасты. Республикалық топ денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен жүздесіп, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндірді. Кездесуде әлеуметтік саланың сапасын арттыру, медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту және саланы жаңғырту мәселелері талқыланады.
Жалпы республикалық жұмыс тобының Түркістан облысына сапары Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарды кеңінен түсіндіруге, мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерін тұрғындармен талқылауға және өңірдің өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды ортаға салуға бағытталған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«АППАҚ» ЖШС УРАННЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӨНДІРІСІНЕ ШЫҚҚАН АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-ЖАПОНДЫҚ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

Телеарна ХанТВ

Аса ауыр қылмыстар үшін айыпталушылар сотта мәміле жасай алады

admin

ТЖМ басшысы БҚО құтқарушыларына жаңа техника табыс етті

Телеарна ХанТВ