aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Спорт Шымкент

Ардагерлер спорт алаңында бас қосты

Шымкент қаласы полиция департаментінің қолдауымен Ішкі істер органдары ардагерлері күніне орай ардагерлер арасында достық спорттық турнир өтті.

Полиция департаменті жанындағы Ішкі істер органдары ардагерлері кеңесінің мүшелері волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша өзара бақ сынады.

Жарыс барысында қатысушылар белсенділік пен шеберлік танытып, көтеріңкі көңіл күйде өнер көрсетті. Спорттық дода өзара сыйластық пен татулықты нығайтып, ардагерлердің басын бір ортаға қосты.

Мұндай кездесулер – саналы ғұмырын ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арнаған ардагерлерге құрмет көрсетудің, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырудың және ортақ дәстүрді дәріптеудің жарқын көрінісі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НАШАҚОРЛЫҚ ҚАУІПТІ ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ -МІНДЕТ

Телеарна ХанТВ

Қазақстан мен Швейцария ветеринария бағытындағы әріптестікті нығайтады

Телеарна ХанТВ

Францияда Мәскеудегі лаңкестік шабуылдан кейін террористік қауіптің ең жоғары деңгейі енгізілді

admin