aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Шымкент

Шымкент қаласында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кезекті рейдтік жұмыстар өткізілді

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз аң аулау мен балық аулау деректерінің алдын алу, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жануарлар дүниесін қорғау.

Рейд барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандарымен бірлесіп, табиғатты қорғау талаптарының сақталуына бақылау жүргізді.

Сонымен қатар азаматтар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңсыз аң аулау мен балық аулау, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзу үшін жауапкершілік көзделгені ескертілді.

Шымкент қаласының Полиция департаменті тұрғындарды табиғат байлықтарын сақтауға, заң талаптарын қатаң ұстануға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БАСҚАРМА БАСШЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТІРУ КІМДЕРГЕ КЕРЕК БОЛДЫ?

admin

Түркия Израильді жаңа «адамзатқа қарсы қылмыс» деп айыптады

admin

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Han TV