13.3 C
Shymkent
27 октября, 2026
aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Спорт Түркістан

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Республика күніне орай Сарыағаш ауданында тұрғындарға арналған заманауи спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілді. Жаңа нысандар ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық спортты қолдауға және балалар мен жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және жастарға арналған спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Ақжар және Жемісті ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде спорт алаңшалары салынды.
Ақжар ауылдық округіндегі ашылу рәсіміне ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады.
Аудан әкімі жаңа спорт нысандарының ауыл тұрғындары, әсіресе өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ спорт алаңшалары балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты айналысуына және салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік беретінін жеткізді.
Аталған спорт алаңшалары аудандық бюджет есебінен салынды. Нысандарда кіші футбол ойнауға арналған арнайы алаңдар, workout аймақтары, сондай-ақ балаларға арналған әткеншектер мен сырғанақтар қарастырылған.
Сонымен қатар Жібек жолы елді мекенінде жалпы аумағы 0,14 гектар жер учаскесінде воркаут және балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Аталған аумақта Жібек жолы ауылдық округінің кәсіпкері Ж. Абдибаевтың демеушілігімен волейбол және баскетбол алаңдары салынды. Спорттық нысандар орналасқан аумақ толық қоршалып, автотұрақ асфальтталды және жарықтандыру жүйесі орнатылды.
Тұрғындардың демалуына арналған арнайы орын жасалып, аумаққа гүлдер мен ағаш көшеттері отырғызылды. Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, балалардың ойын ойнауына, жастардың спортпен шұғылдануына және тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай қалыптастырылды.
Қазіргі таңда барлық құрылыс және абаттандыру жұмыстары толық аяқталып, спорт алаңшалары, балалар ойын аймақтары, демалыс орны мен автотұрақ тұрғындардың игілігіне берілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМ ӨТТІ  

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМДАҒЫ ПОЛИЦИЯ ҒИМАРАТЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

Астанадағы жылу ақысының көтерілуі: кім кінәлі?

admin