aspan WEBСӘТ Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Бизнес Жаңалықтар ЖАСТАРTIMES Қоғам Редактор таңдауы Саясат Саясат Специальный репортаж Технология Түркістан

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІ — ГИННЕС РЕКОРДЫНА ЕНГЕН HACKALEM AI 2026 ХАКАТОНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің YASAWI STARTUP бағдарламасының резиденттері HackAlem AI 2026 халықаралық хакатонында Communication (коммуникация) бағыты бойынша І орын иеленді. Қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатқан халықаралық дода Guinness World Records рекордтар кітабына енді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен хакатон жасанды интеллект технологияларын дамытуға, инновациялық жобаларды қолдауға және жастардың технологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, елімізде жасанды интеллект технологияларын дамытуға, цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуге және инновациялық жобаларды қолдауға басымдық берді. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі — Астана қаласында ұйымдастырылған HackAlem AI 2026 халықаралық хакатоны.
Іс-шараның негізгі мақсаты — технологиялық идеяларды тәжірибелік жобаларға айналдыру, жас мамандардың әлеуетін ашу және Қазақстандағы жасанды интеллект экожүйесін дамыту.
Қыркүйек айында басталған хакатонның финалдық кезеңінің нәтижелері бүгін жарияланды. Осы қорытынды бойынша YASAWI STARTUP командасы Communication бағыты бойынша жеңімпаз атанды.
Хакатонды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, Silkroad Innovation Hub, Blockchain & AI Technology Center және басқа да серіктестер ұйымдастырды. OpenAI компаниясы да іс-шараның серіктестері қатарынан табылды.
HackAlem AI 2026 халықаралық хакатонына барлығы 1 066 жоба қатысып, олардың ішінен 60 жоба финалдық кезеңге жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша 12 бағыттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Хакатонның жалпы жүлде қоры 220 000 АҚШ долларын құрады.
Айта кетейік, аталған хакатон қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатып, Guinness World Records рекордтар кітабына енді. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, рекордтың ресми есебіне 2 415 қатысушы енгізілген.
HackAlem AI 2026 аясында қатысушылар энергетика, қаржы, басқару, телекоммуникация, логистика, креативті индустриялар, білім беру, инновациялар, коммуникация және сауда бағыттары бойынша жасанды интеллект шешімдерін әзірледі. Бұл бастама жастардың технологиялық құзыреттерін дамытуға, стартап-жобаларды ілгерілетуге және инновациялық идеяларды нақты өнімге айналдыруға мүмкіндік береді.
Университеттің Коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен халықаралық хакатонға қатысқан YASAWI STARTUP командасы Communication бағыты бойынша үздік нәтиже көрсетті.
Жеңімпаз команда құрамында:
🔸Абдулханов Ислам — Инженерия факультетінің түлегі;
🔸Сайдуллаева Рухшона — Экономика факультетінің студенті;
🔸Әуезханова Дилара — Филология факультетінің студенті.
🔺Командаға әдістемелік қолдау көрсетіп, жетекшілік жасаған — Тастанбеков Абылайхан.
Бұл жетістік университетте стартап-жобаларды қолдау, студенттер мен жас түлектердің кәсіпкерлік әлеуетін дамыту және инновациялық идеяларды коммерцияландыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Сонымен қатар жастардың жасанды интеллект саласындағы әлеуетін ашып, отандық инновациялық экожүйенің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІЛІМ САПАСЫ ТӨМЕНДЕУІНЕ КІМ КІНӘЛІ?

Телеарна ХанТВ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЭСТАФЕТА ӨТТІ

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ — ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Телеарна ХанТВ