20.3 C
Shymkent
17 октября, 2026
Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Түркістан

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді

Республика күні қарсаңында Түркістан облысында 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Түркістан облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

Акция «Republic Day»

 

ТРЦ «Karavan saray» г.Туркестан, пр. Б.Саттарханова 14
ТРЦ «Khanshaiym Plaza» г.Туркестан, пр. Б.Саттарханова 33А
ТРЦ «Turan mall» г.Туркестан, мкр. Жаңа қала ул.Шымкент тас жолы 9
ТД «Туркестан Плаза» г.Туркестан, ул. Жолбарыс хана 1/5
ТД «Керуен сарай» г.Туркестан, ул.Тауке хана 243
ТД «Инара» г.Туркестан, пр. Тауке хана
ТД «Қазына» г.Туркестан, Кызылординская трасса
ТД «Әссалям» г.Туркестан, пр. Тауке хана
ТД «Дастархан» г.Туркестан, пр. Б.Саттарханова 16
ТД «Юг сити» г.Туркестан, пр. Тауке хана 188

 

Акция «Bereke Fest»

 

ТС «Магнум» г.Туркестан, пр. Б.Саттарханова 33А
ТС «Halyk» г.Туркестан, ул. Батырбекова 6
Супермаркет «Дастархан» г.Туркестан, пр. Б.Саттарханова 16
Супермаркет «Бәйтерек» г.Туркестан, пр. Тауке хана 334
Супермаркет «Молшылық» г.Туркестан, мкр. Отырар 26
Супермаркет «Шұғыла» г.Туркестан, ул. С.Ерубаева 63
Супермаркет «City +» г.Туркестан, 32 улица, 19
Супермаркет «Аль-Каусар» г.Туркестан, ул. Ерубаева 293
Супермаркет «Канағат» г.Туркестан, ул. Жүйнек 25
Супермаркет «Ырыс» г.Туркестан, мкр-н Жаңа қала 18

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Көпқабатты тұрғын үй кешендері бос тұр». Алматыда жер сілкінісінен кейін жеке үйлерге сұраныс артты

admin

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

admin

Түркияда алаяқтық жасағаны үшін іздеудегі адам ұсталды

admin