16.3 C
Shymkent
7 октября, 2026
aspan

ӘСКЕРИЛЕР КӨНЕ «ШЫМҚАЛА» ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық» аумағында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының мерзімді әскери қызметшілеріне арналған танымдық экскурсия өтті. Іс-шара барысында сарбаздар тарихи кешендегі бірегей жәдігерлерді тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті. Экскурсияның басты мақсаты – қаланың бай тарихын кеңінен таныстыру және әскери қызметшілерді өздері қызмет ететін өңірдің мәдени-тарихи мұрасымен жақынырақ таныстыру болды.

2003–2020 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Ескі қалашық ашық аспан астындағы музей ретінде қалыптастырылды. 2021 жылдың 1 мамырында «Шымқала» тарихи-мәдени кешені ресми түрде ашылып, келушілерге өз есігін айқара ашты. Көне шаһардың терең тарихы мен қазіргі келбеті қатысушылардың айрықша қызығушылығын оятты. Экскурсияға қатысқан 35 сарбаз кешенді аралау барысында белсенділік танытып, алған әсерлерін жағымды пікірлер арқылы жеткізді.

 Кешен қызметкерлерінің мәліметінше, «Шымқала» тарихи-мәдени кешені жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Археологиялық нысан өзінің бастапқы келбеті мен бекініс жүйесін сақтай отырып, қала орталығында орналасқан көне қалашық болып табылады. Экскурсия барысында сарбаздар тарихи мұраларды көзбен көріп, тың деректермен танысып, рухани әсер алып қайтты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 400 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ЕЛОРДАДА ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫДАН АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ ГАШИШ МАЙЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

БІР ҒАНА ГОЛ МАТЧТЫҢ НӘТИЖЕСІН ШЕШТІ. «ПСЖ» ЛОНДОННАН МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСТІ АЛЫП КЕТТІ