26.3 C
Shymkent
24 августа, 2026
aspan

БІЛІМ ҰЯСЫНДА ЦИФРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР АРТУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған 2026 жыл — Цифрландыру және жасанды интеллект жылы еліміздің білім беру саласына жаңа серпін беріп отыр. Осы бастама аясында Түркістан облысының білім беру ұйымдарында заманауи технологияларды меңгертуге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде мектептерде цифрлық сауаттылықты арттыру, робототехника негіздерін үйрету бағытында түрлі жобалар мен үйірмелер белсенді түрде іске асырылуда.Солардың қатарында М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп те білім беру жүйесін заман талабына сай жаңғыртып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізіп келеді. Мектепте робототехника бағытында арнайы кабинеттер ашылып, оқушылар үшін түрлі үйірмелер ұйымдастырылған.Осылайша, білім ордасында қолға алынған жұмыстар жас ұрпақтың цифрлық әлемге бейімделуіне, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды игеруіне үлкен жол ашып отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда спорт саласын дамыту: жүйелі реформалар, инфрақұрылым, бұқаралық спорт және чемпиондар даярлау

Телеарна ХанТВ

«ҮЗДІК САБАҚ — САПАҒА ҚАДАМ»

Телеарна ХанТВ

ПРЕЗИДЕНТ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ: 2 МЫҢ АДАМ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҒАДЫ