18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІНІ ТІРКЕУ МЕРЗІМІ 7 АЙДАН 100 КҮНГЕ ДЕЙІН ҚЫСҚАРАДЫ

Қазақстанда дәрілік заттарды тіркеу мерзімі екі есеге жуық қысқарады. Мәжіліс тиісті заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.Ғылым мәселелері бойынша әзірленген түзетулер аясында дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу тәртібі композиттік мемлекеттік қызмет форматына көшіріледі. Бұл рәсімді оңтайландырып, мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша дәріні тіркеу немесе қайта тіркеу 210 күнге дейін, яғни шамамен 7 айға созылады. Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, бұл мерзім 100 күнге дейін қысқарады. Нәтижесінде жаңа препараттар нарыққа тезірек шығып, пациенттер қажетті дәрілерге жедел қол жеткізе алады.Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігіне фармацевтикалық компаниялардың өтінімін күтпей-ақ, Қазақстан үшін әлеуметтік маңызы бар немесе қажет деп танылған дәрі-дәрмектерді тіркеу жөнінде өз бетінше өтінім беру құзыреті беріледі.Бұдан бөлек, дәрілік заттарды өндіруде қолданылатын субстанциялар мен бастапқы материалдардың сапасын бақылау тетігі енгізіледі. Бұл фармацевтикалық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды күшейтуді көздейді.Заң жобасында денсаулық сақтау саласында референс-орталықтар құру нормалары да қарастырылған. Мұндай орталықтар жоғары технологиялық медициналық көмектің бірыңғай стандарттарын қалыптастырып, диагностиканың дәлдігін арттыруға және медицина ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталады.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА МҰҒАЛІМДЕРГЕ САБАҚ БАРЫСЫНДА CHATGPT ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

Редактор HAN TV

«ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРАЖАТТЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Телеарна ХанТВ