23.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МИХАИЛ ШАЙДОРОВТЫ МАРАПАТТАДЫ

Ақорда резиденциясында ХХV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров пен оның бапкерлерін марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін бұл Олимпиаданың орны ерекше екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровтың жеңісі еліміз үшін теңдесі жоқ жетістік саналатынына назар аударды.

Президент XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. «Құрмет» ордені Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Әсем Қасановаға, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Станислав Шайдоровқа, Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералыға табысталды. Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша отандастарымызға ризашылығын білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШАЛҒАЙ ОРНАЛАСҚАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ЕНДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Телеарна ХанТВ

АВТОКЛІКТЕРДІ ТОНАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 25 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ