aspan

ӨНДІРІСТІК ПАРК ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА СЕРПІН БЕРУДЕ

Инвестициялық жобаларды ұлғайту және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында Түркістан облысы аумағында өндірістік парк құрылысы қарқынды жүзеге асырылуда. Жоба аясында тартылған инвестициялар көлемі 138 млрд теңгені құрайды, 2 150 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің өндірістік әлеуетін арттыру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалар аясында Түркістан облысында «Өндірістік парктердің құрылысы» жобасы кезең-кезеңімен іске асырылып, еліміздегі үлгі аларлық бастамалардың біріне айналды. Өндірістік парк жалпы аумағы 100 гектар жер телімінде орналасқан. Құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізілуде. Бірінші кезеңде 30 гектар жер игеріліп, толық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Аумақта үш қатардан тұратын 40 өндірістік ғимарат салынды. Жалпы құрылыс алаңы 73 мың шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда 40 нысанның 37-сі іске қосылып, өндіріс жұмысын бастап кетті. Олардың қатарында жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін өндіру, ауыл шаруашылығы тракторларын құрастыру, сэндвич-панельдер шығару, мектепке, медициналық және кеңсе мекемелеріне арналған жиһаз өндірісі, тоңазытқыш шығару, ішкі есіктер жасау, дрондар мен бейнебақылау камераларын өндіру секілді заманауи жобалар бар. Бірінші кезеңді қаржыландыруға жалпы 17,4 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация тарапынан 12,4 млрд теңге, ал Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 5,0 млрд теңге несие қаражаты бөлінді. Бұл өндірістер ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, импортты алмастыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беріп отыр. 2026–2027 жылдары жүзеге асырылатын екінші кезеңде 70 гектар аумақта 112 өндірістік ғимарат салу жоспарланған. Қазіргі уақытта аталған аумақты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Сыртқы инженерлік желілер мен абаттандыруға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау көзделуде. Жобаның толық іске асырылуы Түркістан облысын еліміздің өндірістік хабтарының біріне айналдыруға негіз болады. Бұл бастама – Президент тапсырмасына сәйкес өңір экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа технологиялық өндірістерді дамыту бағытындағы нақты қадам. Өндірістік парктер моделі кәсіпкерлерге дайын инфрақұрылымы бар алаң ұсынып, өндірісті қысқа мерзімде іске қосуға мүмкіндік береді. Түркістан облысындағы өндірістік парктер құрылысы инвестиция тарту, жаңа өндірістер ашу және мыңдаған тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы өңірдің экономикалық серпінін арттыратын стратегиялық жобаға айналып отыр. Жоба республикалық деңгейде қолдау тауып, өзге өңірлерге тиімді тәжірибе ретінде ұсынылуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕТІСАЙДА МАҚТА, СҮТ КЛАСТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ЗАКОНИПОРЯДОК

Телеарна ХанТВ

ЖБО КАМЕРАЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 500-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН

Телеарна ХанТВ