aspan

МЕМЛЕКЕТТІК СУБСИДИЯЛАРДЫ ЖЫМҚЫРУ ІСІ БОЙЫНША ҮКІМ ШЫҒАРЫЛДЫ

Көкшетау қаласында агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін мемлекеттік субсидияларды жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды. «МолПродЖарқайын» директоры мен «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы екі жыл бойы сүт өндіру мен өңдеуге мемлекеттік субсидиялар алған. Дегенмен шаруа қожалығында қажетті мал саны болмаған.Электрондық шот-фактура жүйесі арқылы 3 миллион кг-нан астам шикі сүт жеткізуге жалған құжаттар берілген. Қағаз жүзінде сүт май мен ірімшік жасау үшін пайдаланылған.Кейін жылжымалы ғимарат алып, жалға берген. Тергеу барысында алты жер учаскесі, төрт пәтер, 11 көлік, жылжымалы ғимарат және өндіріс орны тәркіленген.Сот екеуін де 6 жыл 4 айға соттады. Мүлік тәркіленді.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 млн теңгені құрады.Бұдан бөлек, алынған субсидиялардың бір бөлігі жасыру мақсатында Ефимкинаның туысының депозиттік шотына аударылған. Кейін бұл қаражатқа жалға беріліп, табыс табу үшін пайдаланылған мобильді ғимарат сатып алынған.Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды.Сот үкімімен А.В. Маслов пен А.С. Ефимкина 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мобильді ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді.Қалған мүлікке салынған тыйым азаматтық талап толық орындалғанға дейін сақталады.Үкім заңды күшіне енді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНЕ 10 ЖЫЛ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

Телеарна ХанТВ