ЖК «GARDEN» ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ ЖАЛҒАСУДА. ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРАМАҒЫНА ӨТКЕН ОРТАЛЫҚ КӨШУ ДАУҒА АЙНАЛДЫ. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АЙТУЫНША, ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АРАСЫНДА «БОЗШАКӨЛ» КӨШЕСІ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНА ӨТІП, ТИІСТІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛСЕ ДЕЙДІ.

ЖК Gardens тұрғын үй кешеніне қатысты дау басылар емес. Тұрғындар мен мердігер мекеме өкілдері кездесіп, ортақ шешім табуға тырысқанымен, мәселе әлі де ашық күйінде қалды. Тұрғындардың негізгі талабы – үйлердің ортасынан өтетін орталық көшені мемлекет меншігіне өткізу. Олардың айтуынша, көше коммуналдық балансқа өтсе, жарықтандыру, арық жүйесі және жол инфрақұрылымы заңды түрде шешіледі. Қазір бұл мәселелер толық реттелмеген. Сонымен қатар, тұрғындар орталық көшеден ауыр техникалардың жүруін тоқтатуды талап етуде. Айтуларынша, жүк көліктері мен құрылыс техникалары жолды бүлдіріп қана қоймай, балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Дауға араласқан қалалық орта сапасын және бақылау басқармасының маманы екіжақты келісімді реттеу үшін құрылыс компаниясына ауланың тазалық жұмысына назар аударып, ауыр техника жүргізушілеріне түсіндірме жүргізсе дейді. Мәселені шешпек болған маман дауға қатысты қандай да бір сұрақ құзыретімізге кірмейді деп, арнамызға сұхбат беруден бас тартты. Ал құрылыс компаниясының заңгері ауыр техникаларға толық тыйым салу мүмкін емес екенін жеткізді. Оның сөзінше, тапсырысты орындап жатқан техникаларға тек ұсыныс сипатындағы шектеулер ғана берілуі мүмкін. Яғни, нақты заңдық тыйым салу құзыреті компанияда жоқ. Сонымен бірге, компания өкілдері орталық көшені мемлекет балансына өткізуге қарсы
