aspan

200 ОРЫНДЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы басталды. Маңызды шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, нысанның капсуласын салу рәсімін өткізіп,  құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ордабасылықтарды қуанышты сәтпен құттықтады.

Түркістан облысының әкімі Нұрлыхан Көшеровтың қатысуымен құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу салтанатты рәсімі өтті. Жоба әлеуметтік маңызы зор болып табылады және қазіргі заманғы медициналық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін жоғары білікті медициналық көмекке қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
Аймақ басшысының айтуынша, жаңа перинаталдық орталықтың құрылысы тұрғындар санының тұрақты өсуі және жоғары туылу деңгейімен байланысты. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 2 миллионнан астам адам тұрады, аймақ туылу көрсеткіштері бойынша көшбасшы болып табылады.

Аталған жобаның мердігер мекемесі – «ВД Строй-Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Перинаталдық орталық 200 орынға есептелген. Ғимараттың жалпы алаңы 34 233,30 шаршы метр болса, құрылыс ауданы 12 009,73 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жүргізілетін жер телімінің жалпы аумағы – 8 гектар.

Перинаталдық орталықтың басты ерекшелігі – облыстық деңгейде жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары сапалы, заманауи медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Жоба ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіруге және өңір тұрғындарына қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге зор мүмкіндік береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРАЖАТТЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Телеарна ХанТВ

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКИЯЛЫҚ  ИНВЕСТОРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖАҢА ЗАУЫТ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ