aspan

Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлеріне арналған құқықтық сауаттылықты арттыру бағдарламасы аясында сот жүйесінің қызметі мен азаматтармен сервистік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелеріне арналған кезекті оқу семинарлары өткізілді

Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлеріне арналған құқықтық сауаттылықты арттыру бағдарламасы аясында сот жүйесінің қызметі мен азаматтармен сервистік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелеріне арналған кезекті оқу семинарлары өткізілді.

Бағдарлама мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысына практикалық маңызға ие екі негізгі тақырыпты қамтыды:

Жоғары Сот Кеңесіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау қағидалары мен оларды қарау тәртібі

 

 

 

 

 

 

 

— Өтініштерді қабылдау және тіркеу қағидалары түсіндірілді;

— «e-otinish» платформасында азаматтарды қабылдауға қатысты өтініштермен жұмыс істеу алгоритмі жан-жақты қаралды, оның ішінде өтінішті тіркеу реті, санатын айқындау, жауап дайындау, SMS-хабарлама жіберу, қабылдау өткізілгеннен кейін хаттаманы жолдау және қабылдау нәтижелерін «қабылдауды бақылау» бөліміне көшіру тәртібі;

— Өтінішті тіркеу, өтініш берушінің жеке басын растау, жауапты орындаушыны белгілеу, жауап дайындау мерзімдері мен уәжді түсіндіру мәтінінің талаптары түсіндірілді;

 

 

 

 

 

 

 

— Азаматтарды қабылдауға қатысты өтініштерді ресімдеу кезінде жіберілетін қателер талданды;

— Өтініштерді дұрыс ресімдемеудің салдары мен жауапкершілігі көрсетілді;

— Өтініштерді қарау барысында ашықтықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау қажеттілігі атап өтілді.

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің және судьялар корпусының қазіргі жағдайы

— Соттардың қызметі мен сот жүйесіндегі кадрлық саясат бойынша өзекті ақпарат берілді;

— Сот жүйесінің құрылымы, штаттық және нақты судьялар саны әр сот инстанциясы разрезінде қаралды;

— Судьялар корпусының гендерлік және жас құрамына, сондай-ақ кадрлық резервті қалыптастыру үрдістеріне талдау жасалды.

Семинарлар қызметкерлерге білімін кеңейтуге, практикалық түсіндірмелер алуға және кәсіби қызметте туындайтын өзекті сұрақтарды талқылауға мүмкіндік берді. Құқықтық сауаттылықты арттыру бағдарламасы құқықтық мәдениетті дамытуға, алынған білімді практикада қолдануға және кәсіби құзыреттерді жетілдіруге ықпал етеді, бұл мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігін арттырады.

Аталған оқу іс-шаралары Жоғары Сот Кеңесінің құқықтық мәдениетті нығайту және Аппарат қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады және алдағы уақытта да практикалық мәні мен нәтижелілігіне баса мән беріле отырып, тұрақты түрде жалғастырылатын болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды: сот шешімі күшінде қалды

admin

Телеарна ХанТВ

МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРҒАНДАР ЖАЗАДАН  ҚҰТЫЛЫП, ЖАЗЫҚСЫЗ МАМАНДАР ЗАРДАП ШЕГУГЕ МӘЖБҮР

Телеарна ХанТВ