aspan

ШАҺАРДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТТАР

Қалада алдағы аптамен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Дәл қазіргі таңда 2093 көпқабатты үйге жылу берілді. Ал, қалған тұрғын үйлерге жылу толық 6-шы қарашаға дейін қосылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы баспасөз брифингінде хабарлады. Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы қалыпты режимде өтіп жатыр. Ал, тұрғындардан түскен өтініштер біртіндеп шешімін тауып келеді.

Ал, енді құқық қорғау саласына тоқталсақ, соңғы аптада 179 қылмыстық іс тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда жоғары. Оның ішінде көш бастап тұрған – 63 алаяқтық пен 44 ұрлық дерегі. Қалалық полиция департаменті тұрғындарды алаяқтықтың түрлі түрлеріне қарсы сақ болуға шақырады.

Экология саласында да атқарылып жатқан іс аз емес. Жауапты бөлімнің мәліметінше, көктемге дейін 152 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл іске «Би Ай груп», «Отау груп», «Кереге груп» сынды мердігер ұйымдар белсенді қатысып, қолдау көрсетпек. Мақсат – қаланың жасыл желегін арттырып, ауаның сапасын жақсарту. Көлік қозғалысына келсек, мегаполистегі кептелісті азайту жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа бағдаршамдар орнатылып, кейбір көшелерде қозғалыс сызбасы қайта қаралуда. Мамандардың айтуынша, қабылданған шаралар өз нәтижесін бере бастаған.

Бір апта ішінде қала өмірі өз қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Коммуналдық салада да, экология мен қауіпсіздік бағытында да, жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бастысы – тұрғындар тыныштығы мен қаланың тұрақтылығы.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТАЛАПТАР ҚАНДАЙ?

Телеарна ХанТВ

ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ БЕН ҰЛТТЫҚ ПАРК ҰЖЫМДАРЫ БІРЛЕСКЕН АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

Телеарна ХанТВ

СЕНСОРЛЫ ПЛИТАНЫ ҚОСҚАН БАЛАНЫҢ ӘРЕКЕТІ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙҒА ӘКЕЛЕ ЖАЗДАДЫ