aspan

Қазақстан Египет және Өзбекстанмен мемлекеттік аудит саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасының ресми делегациясы осы күндері Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ИНТОСАИ XXV Конгресінің аясында шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесу өткізді. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Египет, Жапония, Иран, Қытай, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Португалия, Ресей, Түркия және Өзбекстанның жоғары аудит органдарының уәкілетті өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Тараптар кәсіби өзара іс-қимылдың көптеген өзекті мәселелерін талқылады. Оның ішінде қызығушылық тудыратын салаларда қатар тексеру іс-шараларын жүргізу, оқу тренингтерін ұйымдастыру, сондай-ақ аудиторлық қызметке заманауи әдістемелер мен цифрлық технологияларды енгізу қамтылды. Әлихан Смайылов әріптестеріне Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесін реформалау туралы айтып, Жоғары аудиторлық палатаның халықаралық ынтымақтастық аясындағы негізгі мүдделерін атап өтті: тәжірибе алмасу, қаржылық бақылау органдарының кадрлық әлеуетін арттыру бойынша бірлескен жұмыс және жасанды интеллектіні қолдану саласындағы қадамдарды үйлестіру. Өз кезегінде шетелдік әріптестер де барлық басым бағыттарда ынтымақтасуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық деңгейде аудит жүйесін дамыту мәселелеріндегі белсенді рөлін атап өтті. Кездесулердің қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата Египет пен Өзбекстанның жоғары аудит органдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Құжаттар білім алмасу, бірлескен бастамаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашып, тараптардың мемлекеттік аудит саласындағы сараптамалық өзара іс-қимылын дамытуға көмектеседі. Жоғары аудиторлық палата мамандары сондай-ақ жұмыс деңгейінде IDI INTOSAI, Еуропалық Есеп палатасы, Марокко, Біріккен Араб Әмірліктері және Финляндия өкілдерімен кездесулер өткізді.

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МАС ЖҮРГІЗУШІНІ ҚУҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАДАҒЫ МЕКТЕПТЕР КҮЗЕТШІСІЗ ҚАЛДЫ

admin

«Даму» АҚ: Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

Телеарна ХанТВ