33.3 C
Shymkent
30 мая, 2026
aspan

Абай облыс әкімі Семей қаласында салынып жатқан жаңа зауытта болды 

«Шығыс ШПЗ» ЖШС базасында OSB плиталары мен фанера өндіретін кәсіпорынның құрылысы толық аяқталып, жабдықтар орнатылған.

Қазіргі уақытта зауытта жабдықтарды іске қосуға дайындау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылатын болады. Мұнда 20-ға жуық өнім түрлері шығарылмақ.

 

 

 

 

 

Жобаның жалпы құны – 2 миллиард теңге. Іске қосылған соң 70–80 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, кәсіпорын шет елдік инвесторлармен бірлесіп 700 шаршы метр аумақта ламинация цехын кеңейту жобасын қолға алған.

Кәсіпорын басшылығы облыс әкімінен өндірісті кеңейту үшін жер учаскесін бөлуге көмек көрсетуді сұрады.

Аймақ басшысы Берік Уәли осындай заманауи өндіріс орындары өңір экономикасының дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

«Ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті өнімнің үлесі артады. Біз инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіп, өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз етеміз», – деді облыс әкімі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫН ӨЗ ҮЙІНДЕ ФИТОЗЕРТХАНА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН

Қазақстанда ағаш өнімдерін таңбалау пилоттық жүйесі іске қосылуда

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТІН КІМ БАСҚАРУДА?!