aspan

ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ШАРЫҚТАП ТҰР

АҚШ-тағы жанармай бағасының қымбаттығы бойынша Калифорния штаты көш бастап тұр. Американдық автомобиль қауымдастығының мәліметінше, мұндағы АИ-92 маркалы бензиннің «Регулар 87» атты баламасының бір литрі 555 теңгеге бағаланады. Бұл Қазақстандағы орташа бағадан екі есе қымбат.

Бұған өңірдегі жанармайға салынатын салықтар мен экологиялық төлемдер, таза отын стандартына қажетті химиялық қоспалар шығыны мен мұнай өңдеу зауыттарының оқшау орналасуы әсер еткен. Ал екінші орында Гавайи штаты онда  жанармайдың бір литрі 537 теңге тұрады. Мұхиттың ортасында орналасқан бұл өңірде  тасымал құны жоғары. Баға қымбат елдер үштігін солтүстік-батыстағы Вашингтон штаты түйіндейді. Онда бір литр 532 теңге. Бұл аймақта мұнай өңдеу ауыттары аз әрі  салық мөлшерлемесі жоғары. Рейтингті литріне 478 теңге төлейтін Орегон штаты, 463 теңге төлейтін Аляска, 451 теңге төлейтін Невада штаты жалғайды. Айдахо, Аризона, Юта мен Пенсильвания штаттарында баға   400 теңге шамасында. Ал ел астанасында жанармай бағасы литріне 382 теңге болса, ірі мегаполис Нью-Йоркте —  378 теңге.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

САУРАНДА 200 ОРЫНДЫҚ «САМҒАУ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

770-тен астам адам өлтірілді

Телеарна ХанТВ

Қазақстандағы жастар саясаты: жұмыспен қамту, тұрғын үй және қызметте өсу

Телеарна ХанТВ