Абай облысында табиғатты қорғау мен экологиялық тұрақтылықты арттыру бағытында тағы бір маңызды жоба қолға алынды. «Бейбітшілік» аралының бос алқабында жаңа орман тұқымбағын салу үшін арнайы жер телімі бөлінді.Жоба аясында бұл аумақта қылқан жапырақты және жапырақты ағаш түрлері егілетін болады.
Сонымен қатар шеберхана, қойма және контейнерлік жылыжай салу жоспарланған. Алдағы уақытта аналық плантациялар мен тұқым бағы да қарастырылып отыр.Абай облысының әкімі Берік Уәли орман тұқымбағының өңір экологиясын жақсартудағы, сондай-ақ қала тұрғындары үшін жасыл белдеуді кеңейтудегі маңызы зор екенін атап өтті.Бұл жоба экологиялық мәдениетті дамытуға, жас ұрпаққа табиғатты аялаудың үлгісін көрсетуге және өңірдің жасыл қорын молайтуға бағытталған игі бастама болмақ.