aspan

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «JUNIORSKILLS – ABAI 2025» ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Абай облысында бастауыш сынып оқушыларына арналған алғашқы «JuniorSkills – Abai 2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты аяқталды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған дода Ақсуат колледжі базасында өтті.

Чемпионатқа ауданның 12 мектебінен 1–4 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, аспаздық ісі, сән технологиясы және ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу слесарі құзыреттіліктері бойынша өз шеберліктерін сынады.

Шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп, бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру және болашақ мамандықтарға ерте қызығушылығын қалыптастыруды мақсат етті.

Екі күнге созылған чемпионат барысында қатысушылар тағам әзірлеу, сәндік бұйымдар жасау, техникалық бөлшектерді жөндеу сияқты тәжірибелік тапсырмаларды орындап, өз өнерлерін көрсетті.

Нәтижесінде үздік командалар анықталды:

І орын — Қожагелді батыр атындағы орта мектеп

ІІ орын — М. Әуезов атындағы орта мектеп

ІІІ орын — Қ. Нұрбаев атындағы орта мектеп

Алдағы уақытта «JuniorSkills» чемпионаты облыстың өзге де колледждері базасында өткізіліп, дәстүрлі түрде жалғасады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИЛОН МАСК БАЙЛЫҒЫ 800 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖЕТКЕН ТАРИХТАҒЫ АЛҒАШҚЫ АДАМ АТАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ «АЙҚЫЗ АНА» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫ

Телеарна ХанТВ

«Игі істер марафоны» жобасы 1 наурыздан бастап жалғасады

Телеарна ХанТВ