23.3 C
Shymkent
10 октября, 2025
aspan

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДА ЕРЕКШЕ ТУЫНДЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Шымкент қалалық қуыршақ театры көрермен назарына ерекше қойылым ұсынды.Вегенастың ертегісі негізінде сахналанған «Қасқыр болғым келеді» спектаклі балалар мен ересектерге арналған. Туынды өзін-өзі тану мен арманға адалдық туралы. Басты кейіпкер – қошқар, қасқыр болуды армандайды, бірақ шынайы батырлық өз болмысыңды қабылдап, достық пен мейірімділікті бағалауда екенін түсінеді. Арнайы шақырылған режиссер Григорий Лайконың жаңа еңбегі Шымкент қалалық қуыршақ театрының шығармашылық қоржынына тың серпін беріп, көрермен жүрегінен орын алары сөзсіз.

Шымкент қалалық қуыршақ театрында жаңа премьера! Бүгін көрермен назарына Б. Вегенасттың ертегісі негізінде сахналанған «Қасқыр болғым келеді» атты қойылым ұсынылды. Қойылымды халықаралық деңгейдегі өнер иесі, Алматы қалалық қуыршақ театрының талантты режиссері Григорий Лайко сахналады. Шымкент қалалық қуыршақ театрының директоры Молдабеков Сардарбектің айтуынша, жаңа туынды көрерменге ерекше әсер сыйлайтын, мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор қойылым болмақ дейді.

Театрдың көркемдік жетекшісі Мақпал Назарбайқызының айтуынша, бұл — биылғы маусымдағы бесінші жаңа туынды. Қойылымның алғашқы нұсқасы бұған дейін эскиз түрінде дайындалған, ал бұл жолы оны арнайы шақырылған Алматы қалалық қуыршақ театрының режиссері Григорий Лайко сахналап шықты. Мақпал Назарбайқызы атап өткендей, жаңа спектакль театр ұжымына ерекше шабыт беріп, көрерменге қуаныш пен жаңа серпін сыйлаған.

Қойылым балаларды мейірімділікке, достыққа және өз-өзіне сенуге тәрбиелейді. Пьеса барысында көрермендер қошқардың қиялы мен шынайы өмір арасындағы тартысқа куә болып, баланың ішкі әлемі мен арманға толы көңіл күйін сезінеді. Бұл туынды тек балаларға ғана емес, ересектерге де ой салады. Әр адамның бойында еркіндікке ұмтылған бала бар, ал достық пен түсіністік сол бала әлемін сақтап қалудың кілті екенін еске салады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӨСКЕМЕН МЕН БУРАБАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

Телеарна ХанТВ

ТҰРҒЫННАН ЕСІРТКІ МЕН ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

Кәсіпкерлерге корпоративті ипотекалық бағдарламалар таныстырылды

Телеарна ХанТВ