23.3 C
Shymkent
10 октября, 2025
aspan

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП:  8 ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүйелі түрде іске асырып келеді. Ағымдағы жылдың 9 айында Полиция департаментімен 434 есірткі қылмысы анықталды. Бұл туралы ПД бастығының бірінші орынбасары Мақсат Қанапяев хабарлады.

Заңсыз айналымнан 8 тонна 745 кг есірткі заты тәркіленді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 тонна 651 келіге көп.Шу алқабынан есірткінің шығарылуына жол бермеу мақсатында Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстары бағытында мобильдік топтар қойылды. Нәтижесінде 16 есірткі тасымалы арнасы тоқтатылып, 380 келіден астам марихуана мен 150 келі гашиш тәркіленді, 18 адам ұсталды.Трамадолды заңсыз сату фактісімен айналысқан 8 адамнан құралған ұйымдасқан топ әшкереленді.Синтетикалық есірткілермен күреске ерекше назар аударылуда: 13 адам ұсталып, 9 келіден астам синтетикалық заттар тәркіленді.Есірткі зертханасын ұйымдастырған Ресей Федерациясының екі азаматы ұсталып, 8 келіден астам «Мефедрон», 2 тоннадан астам прекурсорлар мен арнайы құрал-жабдықтар алынды.

 

https://www.instagram.com/reel/DPlt-r-jNe7/?utm_source=ig_web_copy_link

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕКТЕП — БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ ҮЛКЕН КЕМЕ!  

Телеарна ХанТВ

93 МЫҢ БАЛАҒА АШТЫҚ ҚАУПІ ТӨНІП ТҰР

НЬЮ-ЙОРК МАҢЫНДА ГУДЗОН ӨЗЕНІНЕ ТІКҰШАҚ ҚҰЛАП, АЛТЫ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ 

Телеарна ХанТВ