aspan

МӘМС ЖЫРЫ

Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Биыл бұл көрсеткіш 75,8 жасқа жетпек. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуі қазақстандықтардың денсаулығына тікелей әсер етіп, өлім-жітім деңгейі төмендеген. Ана мен бала өлімі де айтарлықтай қысқарды.Министр бұл жайында үкіметтің отырысында мәлімдеді.

Соңғы жеті жылда медициналық шығыстар 2,6 есеге, дәрігерлердің жалақысы 2,8 есеге өскен. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында медициналық көмектің қолжетімділігі кеңейіп, бәсекелестік артты. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың сөзіне сенсек, ел сенбей отырған МӘМС жүйесі жағдайды жақсартып жатыр.  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілген сәттен бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Осы жылы өмір сүру ұзақтығы 75-80 жасқа  жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Өлім-жітім биыл бірінші жартыжылдықта 3 пайызды құрады. Бүгінгі таңда МӘМС өзінің нәтижесін беруде. Қаржыландыру өсіп келеді, медициналық көмекке қолжетімділік кеңеюде, бәсекелестік күшейіп, медициналық көрсеткіштер жақсарып жатыр дейді министр ханым.Дегенмен, МӘМС-кежарна төлеп отырып, ота жасата алмай жүргендердің шағымын қайда жібереміз. Дәрігердің алдына барған науқасқа ақшаң болса ақылы түрде қазір ота жасаймыз,жоқ болса квотаны жарты жыл күтесің деп шығарып салатын деректер аз емес. Әлназарова да мұны жоққа шығара алмады.

Министр МӘМС іске қосылғаннан кейін салалық қаржыландырудың орташа жылдық қарқыны 2 еседен артық өсіп, 21,2 пайызды құрады. Бұл жеке инвестициялардың келуін ынталандырды . 2027 жылға қарай МӘМС қаражаты сала шығыстарының негізгі қаржыландыру көзіне айналады, — деген сенімде министр.  Ал ана мен бала өлім-жітімі де төмендеді дейді Әлназарова. Алдағы жылдары жаңа перинаталды орталықтар бой көтермек.

Жыл сайын елде 75 мың түсік жасалады. Ал бұған дейін Мәжіліс депутаттары елімізде жасөспірімдер орта есеппен 15-19 жас аралығында ерте жыныстық қатынасты бастайтынын айтып, алаңдаушылық танытқанды. Қатынасқа түскен жасөспірімдердің 16,7 пайызы кемінде бір рет жүкті болған. Оның ішінде 62 пайызы босанған, 22 пайызы жасанды түсік жасатқан. Жасөспірімдердің 16 пайызында жүктілік өздігінен түсік тастаумен аяқталған.  Министрлік өкліінің айтуынша, фертильді жастағы әйелдер арасында түсік жасату көбейген.

Өкінішке орай, адам өмірі үшін күресетін дәрігердердіңөміріне де қауіп төніп отыр. Министр бес жылда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау бойынша  175 факті тіркелгенін айтты. Президенттің тапсырмасымен медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтіп, қылмыстық жауапкершілік енгізу бойынша шаралар әзірленді. Қазіргі уақытта ол барлық мемлекеттік органмен, Президент әкімшілігімен және Бас прокуратурамен келісу сатысынан өтті. Парламент депутаттарының қолдауымен осы жылдың соңына дейін бұл түзетулерді қабылдаймыз деп отыр еліміздің бас дәрігері.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НӨСЕРЛІ ЖАҢБЫРДАН ЖОЛАУШЫЛАР МІНГЕН ЕКІ ЯХТА АУДАРЫЛЫП ҚАЛДЫ

160 САРБАЗ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ

Шесть лет прогресса: Казахстан на пути устойчивого развития

Телеарна ХанТВ