aspan

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖОБАСЫ АЯСЫНДА  177 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Өткен аптаның өзінде өңірдің елді мекендерінде 200-ден астам тазалық шарасы ұйымдастырылып, 177 тонна қоқыс шығарылды.Тазалық жұмыстарына 57 мыңнан астам тұрғын белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосты.Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды.

Облыс басшысы барлық аудан мен қала әкімдеріне санитарлық тазалық шараларын күшейтуді, рұқсатсыз қоқыс төгілген орындарды анықтап, оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.Сонымен қатар, «Таза жағалау» акциясы да жоғары деңгейде өтті.Іс-шараға жеті мыңнан астам мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындар қатысып, өзен жағалауларының мың шақырымнан астам аумағы тазартылды.Нәтижесінде, табиғи аймақтардағы 143 тонна қоқыс жиналып, арнайы полигондарға шығарылды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы — қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және ел азаматтарының табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.Әрбір тұрғынның белсенді қатысуы – еліміздің тазалығы мен сұлулығын сақтаудың кепілі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАУІПТІ САМОКАТТАР

Телеарна ХанТВ

ӨНДІРІЛГЕН МАҚТА ТАЛШЫҒЫ БАЛТЫҚ ЖАҒАЛАУЫ ЕЛДЕРІ МЕН РЕСЕЙ ЖӘНЕ БЕЛАРУСЬ МЕМЛЕКЕТТЕРІНЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

Телеарна ХанТВ

«БІЗ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫМЫЗ» ЧЕЛЕНДЖІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Телеарна ХанТВ