23.3 C
Shymkent
7 октября, 2025
aspan

«ДОРСТРОЙТРЕСТ» ЖШС БАСШЫСЫНА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҒАРЫЛДЫ

Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша «Дорстройтрест» ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шығарылды. Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді.

Еске салсақ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында құрылысқа инвестиция тарту туралы шарт жасалып, оның аясында мердігерге 2,6 млрд теңге аванс аударылған. Алайда құрылыс жұмыстары тиісті талаптарға сәйкес жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Аванстың едәуір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған.Бұдан бөлек, 650 млн теңге жалған шарттар арқылы аффилирленген компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сот үкімімен «Дорстройтрест» ЖШС басшысы Нурабаев кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сондай-ақ сот шешімімен жалпы құны 131 млн теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент: МӘМС жүйесінде дербес төлеушілер саны артты

Телеарна ХанТВ

«SHYMKENT IT HUB» МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ЖАС ЧЕМПИОНДАР АНЫҚТАЛАДЫ

Телеарна ХанТВ