aspan

ИЗРАИЛЬ ЙЕМЕНГЕ ӘУЕ СОҚҚЫСЫН ЖАСАДЫ

Израиль Йеменнің Ходейда портына әуеден шабуыл жасады. Аталған нысанға кемінде 12 соққы жасалған.Шабуыл кезінде порт аумағында шамамен онға жуық кеме болған.Нәтижесінде өрт шығып, инфрақұрылымға зақым келген.

Йемендегі хуситтер де қарап тұрмай Тель-Авивтегі Рамон халықаралық әуежайы мен тағы бір стратегиялық нысанды зымыранмен атқылады. Хуситтер бұл шабуылдарды Израильдің Газадағы әскери операциясы үшін жүзеге асырып келеді. 2023 жылғы қарашадан бері олар еврей еліне жәрдемдесуші елдердің Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне жүзден астам соққы жасады. Бұл әрекеттен жаһандық экономикаға 200 миллиард доллар көлемінде шығын келді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«КҮМІС КӨМЕЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ ЖОЛ БЕРМЕГЕН 93 ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БОЙЫНША БИЫЛ 160-ТАН АСТАМ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ